«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»
Тарбағатайдың өзінен газ шығарылады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметкерлеріне арналған мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бізге Зайсаннан емес, Қазақстан ауылының маңынан шығарылатын өз газымыз тартылады. Ауылдың маңынан осы мақсатта жер бөлінді. Келесі жылы «Береке» атты компания бұрғылау жұмысын бастайды, – деді аудан әкімі Серікқазы Садуақасов.
Айтуынша, газ ауыл-ауылдарға құбырлар арқылы жеткізілмеуі мүмкін.
– Ауылдардың жанынан газ жинақтаушы салсақ, жұмыс тез бітетін секілді. Өйткені құбыр тартуға көп уақыт кетеді. Қазір осындай ұсыныс айтып отырмыз. Бірақ бұл әлі бекітілген жоқ, – деді Серікқазы Садуақасов.
Оның сөзінше, Ауданда газ тарту жұмысы 5 жыл ішінде аяқталады деп жоспарланған.