KZ
Өскемен
-15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
516.77 542.87 5.33

Шығыстағы Шошқалы көл туристі көлге айналатын болды

16.10.2019, 05:06 452

Шығыстағы Шошқалы көлінің жағасы да алдағы жылдары адам танымастай өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бесқарағай ауданы да өзен-көлге бай жер. Табиғаты тамылжып тұрған өңірдегі Шошқалының тұзды көліне тұрғындар көбінесе ем іздеп келеді. Мамандардың айтуынша көл суының құрамындағы емдік дүниелер атағы жер жарған әлемдік деңгейдегі курорттардан артық болмаса кем емес.

Аймақтық коммуникация қызметі мамандарының мәліметінше, 2019-2020 жылдарға берілген  инвестициялық ұсынылым негізінде  Шошқалы көлінің жағасы электрмен жабдықталып, жағалау заман талабына сәйкес абаттандырылмақ.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу