KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, С
529.99 546.63 5.21

ШҚО-да монеталарды банкноттарға айырбастап, сыйлық ұтып алуға болды

11.10.2019, 05:05 321

Шығыс Қазақстан облысында монеталарды банкноттарға айырбастау акциясы жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тұрғындар монеталарды айырбастау арқылы Ұлттық банктің арнайы сыйлықтарына ие болады. Банк өз кезегінде тиын ақшаларды айналымға қайта шығармақ.

– Аламыш акция екі номинация бойынша өткізіледі: «Айырбасталған монеталардың ең көп сомасы» және «Айырбасталған монеталардың ең көп саны». Жеңімпаздар Ұлттық Банктің полиграфиялық өнімдері мен нейзильбер қоспасынан жасалған естелік монеталарына ие болады, – дейді ҚР Ұлттық Банкі Шығыс Қазақстан филиалының директоры Айнагүл Жолдыбалина.

Айта кетейік, монеталарды банкнотаға айырбастау ешқандай комиссиясыз жүргізіледі. Акция қорытындысы ай сайын шығарылады. Жүлдегерлерге жарыс нәтижесі туралы телефон арқылы қосымша хабарланады.

Жұмыс күндері сағат 9.00 мен 15.00 аралығында Қазақстан көшесі, 3 мекенжайында орналасқан Ұлттық Банктің жергілікті филиалына барып монеталарды айырбастауға болды. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс. Сондай-ақ ғимаратқа кіру үшін жеке куәлік қажет болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу