KZ
Өскемен
+2°
плотный туман Штиль
521.53 601.01 6.43

"Сергек" камералары толықтай іске қосылатын күнді атады – Шығыс

10.10.2019, 05:17 212

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы таратқан мәліметке сенсек, Өскеменде "Сергек" 98 пайыз орнатылып бітті. Енді іске қосу ғана қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Сергектің 86-сы жол бойына, 74-і қиылысқа қойылды. Жалпы бақылауға 1 700 бейнекамера орнатылды. Қарашаның екінші жартысында барлығы іске қосылады, – деді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.

Қазіргі уақытта 21 камера жұмыс істеп тұр екен.

Айта кетейік, «Сергек» камералары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қойылуда. Барлығы 3 мыңдай камера бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу