-8 градус аяз. ШҚО-да қар жауады
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Синоптиктер дабыл қағып жатыр. Шығыс Қазақстанда күн күрт суытады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидрометтің» жергілікті филиалы ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 30 қыркүйек күні аймақта жауын-шашын мол түседі. Қар еріп жауады.
Ал 1-3 қазан аралығында аймақта ауа тепературасы -3 градустан -8 градусқа дейін төмендейді.