KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
480.11 532.25 5.14

"Әлеуметтік қолдау қоғамды мемлекет асырайды деген ұғымға иландырмауы керек" - Бердібек Сапарбаев

20.09.2019, 14:20 257

ҚР Премьер министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастап келген үкімет делегациясы Семей жұртшылығымен кездесті. 

Семейліктермен басқосу барысында "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Іс шараға облыс әкімі Даниал Ахметов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова, Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, Ақпарат және қоғамдық даму Данияр Исин, сондай-ақ өкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдары, бизнес-қоғамдастықтар, шығармашылық және ғылым интеллигенцияның өкілдері және басқалар қатысты.

Вице-премьер өз сөзінде Мемлекет басшысының саясаты халықты еңбек етіп, шақырып, мемлекеттік қолдау механизмін қолдануға шақыратынын атап өтті.

"Биыл 400 мың отбасыға немесе 2 миллион қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Алайда жәрдемақының жағдайы бар адамдарға да төленіп келгені анықталды. Ескерте кететін жайт, атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж жандарға ғана көрсетілуі тиіс. Ал еңбекке жарамды адамдар жұмыс істеуі тиіс. Егер мамандығы жоқ болса, оқытып, жұмыс тауып беруге, грант пен шағын несие алуға, жеке бизнесін ашуға қолдау көрсете аламыз.

Әлеуметтік қолдау қоғамды мемлекет асырайды деген ұғымға иландырмауы керек" деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ ол жас буынның тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелеріне де кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындармен қоғамдық келісімді нығайту, ана мен баланы қолдау, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы қызмет көрсету сапасын арттыру, мәдениет пен спортты дамыту сынды басқа мәселелер талқыланды.

Вице-министр Семейдегі Жедел жәрдем ауруханасында ашылған ангиографиялық жүйемен жасақталған гибридти операция жасау залымен танысты.

Бұл гибридті операциялық залдың ерекшелігі сонда, мәселен, науқарстарға дер кезінде және кешенді медициналық көмек көрсетуге болады. Тіпті мұнда инсульт пен инфаркт алған адамдардың өмірін арашалап қалуға барлық жағдай жасалған.

Орталық ашылғалы бері 263 сәтті операция жасалған. Мұнда жыл сайын 2,9 мың операция жасалады.

Электротехникалық колледжде өткен басқосу барысында Бердібек Сапарбаев білім саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, қызмет көрсету сапасын арттыру, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы сияқты басқа да мәселелерді көтерді.

Вице-премьердің жұмыс сапары Өскемен мен облыстың басқа аудандарында жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив