Өскеменде «Бал фестивалі» өтіп жатыр
Бүгін облыс орталығында, орталық алаңда «Бал фестивалі» өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атағы аспандаған Алтай балын Шығыстың бренді деуге әбден болады. Бұған Республика алаңына өтіп жатқан бал жәрмеңкесі дәлел. Мұның бәрі қала күніне орай ұйымдастырылған. Аталмыш шараға Өскемен, Семей, Риддер, Алтай, Катонқарағай, Маралды, Самар, Шемонайхадағы шаруа қожалықтары қатысты.
– Бүгін міне қала күні құрметіне орай дәстүрлі «Бал фестивалі» өтуде. Жалпы айтқанда жәрмеңкеге омарташылар барлық ауданнан қатысты және 51 тонна бал алып келді. Қала жұртшылығы табиғи өнім ұсынған омарташыларға риза деген сенімдемін, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.