KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 1 м/с, З
497.26 525.21 4.97

Ресейде арбада отырып билеуден ашық чемпионат өтті

8.09.2019, 16:59 134

Ресейде мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында пара биден ашық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Чемпионат қыркүйектің 4-і мен 9-ы күндері Санк-Петербург қаласында ұйымдастырылды. Байқауға әлем бойынша 20 мемлекет қатысты. Дәстүрлі өткізіліп келе жатқан турнирде биыл жасөспірімдер командасы да өз бақтарын сынады. Қазақстанның намысын қорғаған Үржарлық Алексей Журавлев Континент кубогы аталымында «Еркін» нөмірін орындап жүлделі 2-ші орынға ие болды. Ал әлем кубогы үшін Алексей үш бірдей нөмір дайындаған. Алтын медальды ұтып алған жеңімпаз жігіт енді Германияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Айта кететін жайт, «Пара би спортының негізі елімізде 2009 жылдан бастап салынды. 2010 жылы республика бойынша әр өңірде Мәдениет және спорт басқармасының жанынан пара би спорты бөлімі жұмыс істей бастады. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу