KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Еліміздегі 40 пайыз автокөлік Шығыс Қазақстанда құрастырылады

4.09.2019, 05:39 295

Елімізде шығарылатын автокөліктердің 40 пайызы Шығыс Қазақстанда құрастырылады. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов хабарлады.

– Облыстағы ірі өндірістік кәсіпорындар металлургия және машинақұрастыру саласында шоғырланған, – дейді Ержан Айткенұлы. – Бүгінгі таңда еліміздегі машинақұрастыру өнімдерінің 20 пайызы, автокөлік құралдарының 40 пайызы Шығыс Қазақстанда шығарылады. «АзияАвто», «СемАз», «Daewoo Bus Kazakhstan» сынды автоөндірушілер бізде орналасқан. Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының ұлғаюы өңірде машина жасау кешенінің қалыпты дамуына жағдай жасауда.

Қоса кетсек, соңғы жартыжылдықта облыстың өндіріс өнімдері 13 пайызға ұлғайса, оның 70 пайызын қайта өңдеу секторында жұмыс істейтін кәсіпорындар құрап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив