«Мен Қазақстаннанмын, бұл Ресей емес!» – Головкин америкалық журналистерді састырды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында америкалық журналистерді ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шоудың жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшылар туралы пікірін білуге тырысқан. Алайда шаршы алаңға оюлы шапан киіп шығатын былғары қолғап шебері GGG өзінің басқа елден келгенін айтты.
– Ресейлік боксшылар - мықты. Өте мықты.
- Кім? Атаңызшы? Ешкім білмейді, - деді Головкин.
- Біз сенен сұрағымыз келді.
- Мен Ресейден емеспін.
- Қазақстаннан, окей.
- Бұл Ресей емес!
- Бұрын бұл Кеңес Одағы болды.
- Иә, көп уақыт бұрын солай болған. Бұрын!
Естеріңізге сала кетейік, қазір Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жұдырық түйістіруге дайындалып жатыр. Кездесу 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.