KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Дональд Дон Трамп Алтай тауларын кезіп жүр

20.08.2019, 09:12 155

АҚШ Президентінің тұңғышы Дональд (Джон) Дон Трамп Моңғолия жерінде Алтай тауларын кезіп жүр. Оның негізгі мақсаты – Алтайдың оңтүстік-шығысындағы тау сілемі Таван-Богд-Уул-дың биігі Хуйтэн-Оргил шыңына шығу екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы жергілікті ikоn.mn ақпараттық порталы жазған.

АҚШ-тың Ұланбатырдағы елшілігі Президент ұлының ресми сапармен жүрмегендігін алға тартып, бұдан өзге ақпаратты хабарлаудың негізі жоғын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулга АҚШ-қа ресми іс-сапармен барып, ел Президентінің 13 жастағы ұлы Бэрронға ат мінгізіп еді. EADaily ақпараттық порталы бұл Моңғолия басшысының 2011 жылдан кейінгі бірінші рет келіп тұрған сапары екенін көрсетіп, оның Ақ үйде екі елдің ара-қатынасын жақсартуды қалайтынын айтқанын жазған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив