Балаларын алты жасында мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салына ма?
Балаларын алты жастан кейін мектепке берген ата-аналарға айыппұл салынбайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
– Бірінші сыныпқа келетін бала мектепке келген кезде оқып, жаза білуі керек деген заң жоқ. Бірініші сынып бағдарламасы оқу дағдылары жоқ балаларға арналған. Сондықтан олар бірінші сыныпта әріп танып, сандарды санап, оқуды үйренуге келеді. Бес жасар балаларға келетін болсақ, заң нормасы бар. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде бұл нормадан аттап кетуге болады деп айта алмаймын. Сондықтан мектепке алты жастан барады. Бірақ ол ата-ананың өз шешімі. Алты жастан бастап келмеген балалардың ата-анасына айыппұл тағайындамаймыз, – деді министр.