Өскемен вокзалының перроны жөнделді
Өскемен көп жылдан бері пойызы бар, перроны жоқ қала болып келді. Сол олқылықтың орны толды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Перронның жоқтығына қала тұрғындары шағым айтқалы қашан?! Сондай-ақ жуықта ғана «кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын» – Ақынгелді көптің көкейінде жүрген мәселеге қозғау салып, жырға қосқан еді. Содан көп ұзамай Өскемен әкімдігінің өтінішімен «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның жергілікті филиалы шаруға бел шеше кіріскен болатын.
Анықтап айта кетейік, перрон пойыз вагондарына тұтас жетпейтін. Қазіргі уақытта перрон ұзартылды, халық игілігіне дайын тұр.
– «ҚТЖ» «ҰК» АҚ басшылығына біздің өтінішімізге үн қосып, өзекті мәселенің түйінін шешкені үшін алғыс білдіремін. Енді барлық жолаушылар вагондарға еш қиындықсыз отыра алады, – деп жазды шаһар басшысы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жолаушылар жаңа перронға қандай көзқарас танытты? Сілтемеге өтіп, көріңіз.
https://www.instagram.com/p/B1Fqwi_g6GF/?utm_source=ig_web_button_share_sheet