Енді Өскемендегі екі көшеде көліктер тек бір бағытта қозғалады
Өскемендегі екі көшеде бұдан былай көліктер тек бір бағытта қозғалатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Карбышев көшесі (Гагарин бульварі мен Понтон көпірінің аралығы) бір бағытты болады. Бірақ көліктер қай бағытта қозғалатыны әлі айтылған жоқ.
Бұл қала әкімі Жақсылық Омардың жұмыс сапары барысында айтылды.
– Карбышев көшесіндегі қозғалысқа қарсы тағы бір көше бір бағытты болады. Әзірге ол Қалихан Ысқақ көшесі деп отырмыз. Бірақ бұл әлі нақты емес, – деді шаһар басшысы.
Айта кетейік, бұл өзгерістердің қашан болатыны белгісіз. Бірақ қала көшелерін кеңейту мәселесі қазіргі таңда өзекті екені рас.
Оқи отырыңыз