Автобустарда тариф көтерілмейді – Өскемен әкімдігі
Өткен жұмада Өскемен әкімдігінде қоғамдық тыңдау болды. Шенеуніктер тұрғындардың бірақатар сауалына жауап берді, деп Алтайньюс тілшісі.
– 85 жаңа автобус жақын арада сатып алынады. Менің ойымша, 2020 жылдың қаңтарында қолданысқа беріледі, – деген еді сөз басында қала әкімінің орынбасары Тамара Рахымжанова.
Осы тұста:
– Ал тариф көтеріле ме? – деген сауал тастады қоғамдық тыңдаудың қатысушысы.
– Тасымалдаушылар тарифті көтеру, қосымша қаржы бөлу керек деген өтініш берді. Бірақ қазіргі уақытта ешқандай да тариф көтерілмейді, – деп сендірді Тамара Анатольевна.
Оқи отырыңыз