Өскемен көшелерінде тиіндер жүгіріп жүр
Өскемен тұрғындары көшелерде кеміргіштердің көбейгенін айтуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалалықтардың айтуына қарағанда, тиіндер әсіресе «Өзен вокзалы» және «Қазақстан» автобус аялдамларының маңында көптеп кезігеді.
Ал мамандар жануарлардың ормандағы өрт салдарынан қоныс аударуы мүмкін екенін алға тартып отыр.
– Жануарлардың көші-қоны Шығыс Қазақстан өңіріне жат дүние емес. ШҚО – катаклизмдер үнемі болатын табиғи аймаққа жатады. Сондықтан аталмыш құбылысқа таңданатын ештеңе жоқ. Қала ішінде тиіндердің пайда болуы ормандағы тамақ қорының бүлінуінен де, Сібірдегі өрттің салдарынан да болуы мүмкін, – деп түсіндірді орнитолог-фаунист Сергей Стариков.