KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Қазақстанның қай өңірінде дайын күйеу жігіт пен қалыңдық көп?

29.07.2019, 04:16 241

Алтайньюс тілшісі сұлу жар іздеген сүр бойдақтар мен ақ боз атты ханзадасын күтіп жүрген аруларға кеңес береді. Tengrinews.kz редакциясына сілтеме жасай отырып, қалыңдық немесе күйеу жігіт іздеп қайда бару керектігін, қай аймақтарда жиі отбасы құрылады және қайда ажырасу деңгейі жоғары екенін айтып береді. 

Қазақстанда «ұлдардан қыздар көп» деген ұғым қазіргі таңда дұрыс ақпарат емес. ҚР Статистика комитетінің соңғы мәліметтері бойынша, 20-30 жас аралығындағы жігіттер қыздардан көп.

Қазақстанда 18 489 704 адам тұрады. Халық саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр - 2 047 067 тұрғын. Ал ең аз Солтүстік Қазақстан облысында - 552 271 адам. Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 3 пайызға артық. Нәзік жандылардың орташа жасы - 33,4 жас, ал ер адамдардікі - 30,2 жас. Қазақстандықтардың орташа жасы - 31,8.

Мысалы, Жапонияда халықтың орташа жасы - 46,1, Италияда - 44,5, Египетте - 25,3.

20-30 жас аралығы бойынша елімізде ер адамдар басым. Қыздарға қарағанда ұлдар 16 560-қа көп. Жастардың ең көп шоғырланған өңірі - Алматы облысы, 3 090 952 адам.

Еліміздің солтүстік аймақтарындағы ер адамдар неке қиюға асықпайды екен, атап айтқанда Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Соңғы екі өңірдің қыздары да тұрмысқа шығуға асығар емес. Алматы қаласының тұрғындары да бұл тізімге кіреді.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, орташа алғанда 2019 жылы екі некеге бір ажырасудан келеді. Оны 2018 жылмен салыстыратын босақ, былтыр 137 797 неке тіркелген, 57 797 отбасы ажырасқан.

Бала туу көрсеткіші бойынша, 2019 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Түркістан облысы алда. Мұнда 21 876 бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікте Алматы облысы - 20 318 бала және Алматы қаласы - 13 800 бала кіреді.

20-30 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар арасында күйеу бала Түркістан облысында көп - 24 677 адам. Ал қалыңдық Алматыда көп - 42 990 адам. Тиісінше, Алматыға күйеу жігіттің артынан, ал Түркістан облысына - қалыңдыққа барудың қажеті жоқ.

Ал еліміздің аталмаған өңірлері, соның ішінде Шығыс Қазақстан демографиясы тұрақты. Демігу жоқ, даму бар деп айтуға болады.  

PS. Мысалы, Италияда бір қызға кем дегенде бес бойдақ жігіт келеді. Ал Латвияда, ашық ақпарат көздеріне қарағанда, еркектердің тапшылығынан әйелдер басқа еуропалық елдерге кетуге мәжбүр екен. Бізде, Қазақстанда, ТМД-ның басқа да елдеріндегі сияқты, ұзақ уақыт бойы жігіттерге қарағанда қыздар көп болған. Мысалы, Кеңес уақытында Қостанай қалыңдықтар қаласы болып саналған. Сол кездері қалада елдегі ең ірі тігін фабрикаларының бірі жұмыс істеген. Тіпті әйелдер қала басшылығынан зауыт салып, ерлер үшін жұмыс орындарын жасауды сұраған деген ел арасында әңгіме бар. Көп ұзамай зауыт та салынды... Мүмкін, Түркістан облысына қалыңдықтарды тарту үшін тігін фабрикасы қажет шығар, ал Алматыда жігіттердің санын арттыру үшін қандай кәсіпорын салу керек?

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив