KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да тағы да адам жоғалды

23.07.2019, 11:17 123

ШҚО-да тағы да адам жоғалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ефанов Владимир осыдан екі апта бұрын,11 шілде күні Көкпекті ауданына тауға шығу үшін аттанған. Алайда 56 жастағы семейлік сол кеткеннен мол кеткен.

Ерекше белгілері: бойы 170 сантиметр, шашы қою қоңыр, көзі қоңыр-жасыл.

LIDER.KZ еріктілер тобының мәлімдеуінше, Владимир екі апта бұрын сапарға өзінің «УАЗ» (нөмірі 253 FLA) маркалы көлігімен үйінен шыққан екен.

Владимир туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 каналына немесе 8-747-349-57-17 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив