KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Депутаттар «7-20-25» бағдарламасының шарттарын қайта қарауды ұсынды

Фото: pexels.com

29.11.2024, 18:30 86 Гульжан Мусина

Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына қалай көп қазақстандықтың қатысуын ұйымдастыруға болатындығын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Тілектес Адамбеков «7-20-25» бағдарламасы бойынша қазақстандықтарға қайталама нарықта да тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беруді ұсынды. Себебі, үйді тек салынып жатқан тұрғын үйден сатып алатын қазіргі механизм, оның бағалауы бойынша, тиімсіз.

- Адамдардың айтуынша, тұрғын үйдегі пәтерлер салынып жатқан мерзімнің өзінде біршама сатылып кетеді, осыған байланысты сатып ала алмайды. Екінші мәселе - адамдардың 7%, 8-9%-дық өсіммен 3, 4 бөлмелі пәтер сатып алуын неге ұйымдастырмасқа. Сіздер 20 млн-ға дейін шектеу қойғансыздар, бірақ бұл бағаға Астанада үлкен пәтер сатып ала алмайды, тіпті бір бөлменің өзін әрең алуыңыз мүмкін. Ал, 25 млн-ға олар бір бөлмелі пәтерді сатып алады, оны жабады, содан кейін қайтадан кеңейту үшін несие алуға мәжбүр болады, – деп атап өтті мәжілісмен.

Оны депутат Нұртай Сабильянов қолдады.

- Қайталама нарықтан тұрғын үй алуға рұқсат беру керек. Тек құрылыс компанияларын қолдай бермей, адаамдарға да мүмкіндік беру керек. Олар да екінші нарықтан баспана алсын,- деді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу