ШҚО-да 20 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Владимир Ефанов осыдан 20 күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Кеше оның денесі табылғаны туралы ақпарат таралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Владимир – Семей қаласының тұрғыны. 11 шілде күні ол жеке көлігімен Көкпекті ауданындағы тауға кетіп, із-түссіз жоғалды. Оның денесі өткен демалыс күндері табылыпты.
Волонтерлердің айтуынша, алдын ала ақпарат бойынша, 56 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Оқи отырыңыз