"Акция бір реттік қана" – Халықтың несиесі мен айыппұлын кешіру туралы айтылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасылардың несиесі мен кейбір азаматтардың айыппұлын кешіруге арналған акция бір реттік қана екенін ескертті, үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Тұрмысы төмен азаматтардың қарызы мен кейбір азаматтардың айыппұлдарын кешіру туралы берген тапсырмаммен іске асқан акция бір реттік қана. Сондықтан сапалы орындау қажет. Мәселеге екінші қайтара орала алмайтынымыз белгілі, – деген Президент, акцияның қалай жүргізіліп жатқаны туралы сұрады.
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жұмыс екі бағытта жүргізіліп жатқанын айтты.
– Несие мәселесіне байланысты салыстыру, қарау ісі осы аптада тәмам болады. Келесі аптадан бастап екінші дәрежелі банк, шағын қаржыландырушы мекеме және несие қорларымен келісім шарт басталады. Мемлекеттік несие бюросы тізімге енген азаматтарды растаса, банктер олардың несиесін қыркүйекке дейін жауып қояды. Ал айыппұлы барларға қатысты шаруа тамызға дейін тәмамдалады, – деді Ұлттық банк төрағасы.
Преидент үкіметке аталған жағдайды ұдайы назарда ұстауды тапсырды.