KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Өскемен әкімдігі жол жүру жеңілдіктерін жойған көлік компанияларына ескерту жасады

11.07.2019, 04:44 119

Өскемен қаласының басшылығы жол жүру жеңілдіктерін жойған екі көлік компаниясына ескерту жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

— 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың автобустарда жеңілдікпен жол жүруін тоқтату – заңнаманы бұзу. Балалардың 50 пайыз жеңілдікпен жол жүруі ҚР «Көлік туралы» Заңында қарастырылған. Осы себепті «Vosca» ЖШС және «АТЦ BEST» ЖШС басшылығына қалалық ТҮКШ бөлімінен хабарлама жібердік, – деп мәлімдеді әкімдік.

Аталмыш көлік компанияларының жеңілдіктерді қайта қалпына келтіруіне бір ай уақыт берілді. Әйтпегенде қала билігі арадағы келісім шартты бұзуға әзір.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу