KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде дәретхана ұрлаған ер адам қолға түсті

5.07.2019, 06:39 158

Өскеменде белгісіз азамат дәретхананы ұрламақ болып, қолға түсті. Бұған дейін ол далада тұрған жазғы душ кабинасын ұрлаған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл оқиға аптаның бас кезінде болған. 35 жастағы ер адам саяжай үйінен жазғы душ кабинасын алып кеткен. Одан кейін дәретхананы ұрламақ болған. Ұрланған мүлік 90 мың теңгеге бағаланып отыр.

Күдікті құрықталып, өз кінәсән толық мойындаған екен. Ұрланған заттар иесіне қайтарылып берілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив