Ұлан мен Глубокоеның ауылдары Өскеменге қосылады
Ұлан мен Глубокое ауданындағы Тәжірибе алаңы, Прапорщиков, Герасимов ауылдары Өскеменге қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, бұдан бұрын Радужный ауылы да облыс орталығына қарайтыны айтылған болатын. Ол ауылдың халқы мыңнан асады. Ал жері – 95 гектар.
– Бұл ауылдарды қалаға қосу ісі асықпай, саты-сатымен жүргізіледі. Жол мен коммуникациялық байланысты Радужный ауылынан кейін қолға аламыз, – деді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.
Айтпақшы, аталмыш ауылға қатынайтын автобус маршруттары да биыл шешілмейді.
Оқи отырыңыз