KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СШ
497.26 525.21 4.97

Қауіпсіздік бәрінен маңызды!

Фото: pexels.com

Бүгін, 12:30 30 Гульжан Мусина

«QazaqGaz Aimaq» АҚ ескертеді: ауа-райының суытуы мен жылыту маусымының басталуына байланысты улы газбен улану қаупі арта түсуде. Бұл қауіп әсіресе табиғи газды қолданушыларға қатысты.

Өкінішке орай, статистика көрсеткендей, жыл сайын тұтынушылар газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарап, қайғылы жағдайларға тап болады.

 

Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері:

  • Газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау.
  • Жылыту құралдарын өз бетінше қосу немесе орнын ауыстыру.
  • Қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалану.
  • Желдету және түтін шығару арналарының жарамсыздығы.
  • Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетпеу.

Улы газдың қауіптілігі неде?
Улы газ (көміртегі тотығы) адам ағзасына тез сіңеді және өте аз мөлшерінің өзі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін:

  • 0,5% көміртегі тотығы бар бөлмеде болу 20 минут ішінде өлімге әкелуі мүмкін.
  • Желдету арналары немесе мұржалар бітелсе, улы газ сыртқа шықпай үй ішінде жиналады.

Қыс мезгілінде мұржаларды мұздан тазалап, олардың бітелмеуін қамтамасыз етіңіз. Мұржа қақпақтарын ашып, үнемі тазалау жұмыстарын жүргізіңіз. Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді ұмытпаңыз.

Автоматикасы бар дабылқаққыш (газ таралуын анықтайтын сигнализатор) орнату ұсынылады. Үй ішінде ауа айналымын қамтамасыз етіңіз. Терезелерді толық жаппаңыз, желдеткіштерді ашық ұстаңыз. Тексеру және бақылау ережелерін ұстаныңыз.

Газ құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік нұсқауларын қатаң сақтаңыз.

Есіңізде болсын! Газды дұрыс пайдаланбау қайғылы жағдайларға себеп болуы мүмкін. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – сіздің және жақындарыңыздың өмірін қорғаудың кепілі.

Қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу