KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
521.53 601.01 6.43

"Қазцинк" төтенше жағдайда қалай қимылдау керектігін халыққа үйрететін болды

25.06.2019, 04:33 146

«Казцинк», өзіне жаңа міндет қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ірі компанияның өндірістік бөлімшелері Өскемен, Риддер, Алтай және Серебрянск қалаларында орналасқан.

Қала ішінде болып жатқан барлық шараларға белсене қатысатын ұйым, жыл сайын инфрақұлымның дамуына, медициналық, әлеуметтік мекемелерді қолдауға, мұқтаждарға көмектесуге асығады.

Ағымдағы жылда «Қазцинк» өзіне қосымша міндеттемелер жүктеді. Қандай дейсіз бе? Енді, ірі компания – Төтетенше жағдай қызметімен бірлесіп төтенше жағдайлардың алдын алу және адамдардың төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстауды үйрететін болады.

– Бұл жалпы біздің облысымыздағы алғашқы бірлескен жоба. Әрине, мыңдаған шығысқазақстандық жұмыс істейтін «Қазцинк» сияқты ірі компанияның қолдауы біз үшін өте маңызды. Біз халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында осындай ірі компанияның белсенділік танытқанына ризамыз, – дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Мадьяров.

– Шығыс Қазақстан өзінің ерекше көз тоймас табиғатымен қуатты өндірісімен танымал. Облыс тұрғындары ретінде, біз өз жерімізді қастерлеуіміз қажет. Ол өзімізде бар ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, ол табиғат пен тұрғындарды түрлі табиғи апаттардан қорғау. ШҚО-да түрлі өнеркәсіп нысандары: фабрикалар, зауыттар, дамбалар орналасқан. Бұл дегеніміз, әрбір тұрғын кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білуі тиіс. Төтенше жағдай алдын алу бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін үйлесімді әрекет ету қажет, – дейді компанияның директор міндетін атқарушы Андрей Лазарев.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Казцинк, Төтенше жағдай басқармасы және қала әкімдігі бірлесіп жұмыс атқармақ.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу