KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Өскемен тұрғыны баласын жәрдемақы алу үшін пайдаланып, артынан жетімдер үйіне өткізіп тастаған

24.06.2019, 04:56 261

Кезінде балалар үйіне ұлын өткізіп тастаған Өскемен тұрғыны көпбалалы ана атану үшін оны өз қамқорлығына алған. Тиісті жәрдемақысын алған соң ұлын қайта балалар үйіне өткізген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Каримның анасы Нұрзада (кейіпкерлердің есімі өзгертілген) ата-анасының қамқорлығынсыз өскен. 18 жасқа толғанда әлеуметті қорғау органдарының көмегімен жатақханадан бөлме алып, құрылыс бригадасына жұмысқа тұрады. Біртіндеп ішімдікке салына бастаған. Некесіз туылған тұла бойы тұңғышы Каримды бірден өзінің әжесіне тәрбиелеуге бере салады. Жұмысында тапқан-таянған ақшасын ішімдікке жұмсап, баласына мүлде көмектесуден қалыпты. Сөйтіп жүріп бір азамат шаңырақ көтеріп, дүниеге тағы үш сәби әкеледі. Ерлі-зайыпты екеуі де ішімдікке әуес екен.

Каримның бірінші сыныпқа баратын уақыты жетеді. Осы кезде баланың туған анасының қарауынсыз қалғаны анықталған. Әжесінің жасына қарай балаға қамқоршы болуға рұқсат етпей, Нұрзаданы ата-аналық құқығынан алты айға айыру туралы шешім қабылданады. Карим уақытша балалар үйіне орналастырылады.

Бірнеше айдан кейін Нұрзада ұлын өз қамқорлығына айлғысы келетінін айтып, балалар үйіне келіпті. Сот шешімі бойынша, Карим анасына қайтарылады. Ал бірақ өткен соң, әйел оны балалар үйіне қайтадан өткізіп тастаған екен. Айтуынша, Карим жаңа отбасымен тіл табыса алмаған.

Кейін әйелдің бұл әрекетінің сыры ашылады. Каримды отбасына қайтарғандағы мақсаты – көпбалалы ана атанып, атаулы әлеуметтік көмек алу. Жәрдемақы қолына тиген бетте ерлі-зайыптылар оны ішімдікке жұмсайды. Ақша таусылған соң баласынан бас тартып, балалар үйіне қайтарған екен.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу