KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Глубокое ауданында полиция екі бүлдіршінді маскүнем ата-анасынан құтқарды

17.06.2020, 11:10 145

Оқиға Секисовка ауылында болған. Полицияға 28 жастағы әйел арызданып, азаматтық некедегі жұбайының үйінде жанжал шығарғанын айтады. Шақырту бойынша жеткен полицейлер үйден бір топ мас адамды тауып алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Анықталғандай, арызданған әйелдің өзі де,оның 36 жастағы жұбайы да ішімдікке салынған адамдар екен. Үйде олардан бөлек басқа да мас адамдар болған. Ал кішкентай екі бүлдіршін мүлде қараусыз қалыпты. Біреуі – 7 жастағы ұл, екіншісі – бір апта бұрын туған қыз бала.

Үйдің санитарлық жағдайы мен ата-ананың күйін байқаған тәртіп сақшылары бүлдіршіндерді «Өскеменнің кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы» мен «Мамандандырылған балалар үйіне» жеткізді. Қазір полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені тіркеу жұмыстарына көмек көрсетіп жатыр, себебі ата-анасы оған туған кезде АХАЖ-ға тіркемеген, тіпті, есім де бермеген екен.

Жақын арада жауапсыз әке мен шеше ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив