KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
440.92 475.36 4.82

Өскеменде саябақтан тиегіш машина жоғалып кетті

20.06.2019, 11:08 119

Арнайы техника "Самал" саябағының территориясында жоғалып кеткен екен. Айта кетсек, саябақта қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полицияның ақпараты бойынша, 17 маусымда жұмысқа келген қызметкерлер тиегіш машина таппай қалған. Жұмысты жүргізіп жатқан ЖШС-нің қожайыны полицияға арыз жазады. Келтірілген залал 200 мың теңгені құрайды.

ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, машинаны мердігер компанияның бұрыңғы жұмысшысы ұрлап кеткен. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив