KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

БЖЗҚ-да «Ашық есік күні» өтеді

gov.kz

19.09.2024, 15:00 106 Айжанат Бақытқызы

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының облыстық филиалы 20 қыркүйекте кезекті «ашық есік күніне» шақырады. Кездесу барысында тұрғындар болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін анықтау, зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары туралы мәлімет ала алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Қор мамандары болжамды зейнетақыны зейнетақы калькуляторы арқылы қалай есептеу керектігі туралы түсіндірме береді, зейнетақы жоспарын қалыптастырып, қалаған жағдайда қалай өзгертуге болатынын көрсетеді. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану кезіндегі салымшылардың жаңа мүмкіндіктері туралы  айтып береді, - деді қордың облыстық филиалында. 


Іс-шара барысында оның қатысушылары зейнетақы калькуляторы мен зейнетақы жоспарын қолдана отырып, жайлы өмірді қамтамасыз ететін қарттықтағы кірістерді қазірден қалай болжауға және оларға әсер етуге болатындығын жеке мысалдар арқылы көре алады. 
"Ашық есік күні" 20 қыркүйекте онлайн форматта өтеді.


                                                                                                                                                           Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив