KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 2 м/с, В
497.26 525.21 4.97

Семей маңында 10 жыл бойы жарықсыз, сусыз отырған ауыл бар

17.06.2019, 09:11 84

Семейде 10 жылдан бері сусыз, жарықсыз отырған Ұшақтар деген ауыл бар.

– Электр жүйесі бізге ауадай қажет. Балаларымыз жаңа, замануи мектепте оқыса да, үй тапсырмасын қараңғыда дайындайды. Кейде сабағына байланысты компьютерге де отырулары керек болады, бірақ қайдан... Иә, судың тапшылығы да мұнан кем тиіп тұрған жоқ. Осында біз келгелі 10 жыл болды, мәселелер әлі шешілмеді. Кейбіреулері ғана өз күштерімен су тартып алды, – дейді осы ауылдың тұрғыны Селиха Қалиева.

Тұрғындардың автобус маршруттарына қатысты да айтары бар. Олар жолын қысқарту үшін кейбір аялдамаларға бармай қоятын көрінеді.

Міне, осынау үш мәселені жуықта қала әкімі Ермак Сәлімов те өз құлағымен тыңдап, халыққа уәдесін беріп қайтты.

– Биыл 60 жаңа автобус алғанымызды білесіздер. Енді екі ай шыдасаңыздар, балаларыңыздың оқуы басталғанда ол автобустар жолға шығарылатын болады, – деді әкім.

Ал мердігерлер су мен жарық мәселесін қарашаға дейін реттейтінін айтты.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу