KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

«Altay Athletics» клубының тағы бір спортшысы чемпион атанды

20.05.2019, 10:00 102

«Altay Athletics» жеңіл атлетика клубының тағы бір спортшысы халықаралық жарыстың жүлдегері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тайланд астанасы Бангкок қаласында аяқталған «Thailand Open Track&Field 2019» атты бәсекеде өскемендік клуб өкілі Елизавета Матвеева тұғыр биігіне көтерілді. Биіктікке секіру сайысында сынға түскен 18 жастағы жерлесіміз 1 метр 83 сантиметрге тең нәтиже көрсетіп, жарыс чемпионы атанды. Аталмыш жүлде – Матвееваның «Altay Athletics» сапында жеңіп алған алғашқы медалі.

Тағы бір айта кетер жайт, бұл көрсеткіш өскемендік жас спортшының жеке рекорды саналады. Естеріңізге салайық, осыдан біраз бұрын Елизавета жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінде де топ жарған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив