KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
485.04 525.98 5.04

Қазақстанда ғайыптан көл пайда болды

8.06.2019, 04:38 113

Атырау облысы Мақат ауданында екі шоқының арасындағы сайда тұщы көл пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан"Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

Осы маңдағы жаңа әрі жалғыз тұщы су осыдан бірнеше күн бұрын ғана пайда болыпты. Мамандар әлі судың құрамын тексерген жоқ, бірақ оның тұщы екені анық. Адамдар әзірге өз пайдасына жаратпаса да, төрт түлік мал мен құс біткен табиғаттың "тосынсыйының" рахатын көріп жатыр.

Мамандардың пайымдауынша, көлде кем дегенде 5 мың метр куб су бар. Көлдің қайдан пайда болғаны анықталуы тиіс. Бәлкім, жер астында әжептәуір су қоры болуы мүмкін.

Алайда мамандар әуелі судың химиялық құрамын анықтап, ауыр металл және басқа қоспалардың барын тексереді.Сараптама нәтижелерін жергілікті фермерлер асыға күтіп отыр, олар аяқ асты пайда болған су қорын шаруашылықта пайдалансақ дейді.

 Айта кетсек, бұл ауданның 21 елді мекенінде орталық сумен қамту жоқ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив