ШҚО-да автокөлік пен пойыз соқтығысты (ВИДЕО)
Жол апаты 30 мамыр күні сағат таңғы 4.30-да Семей қаласындағы темір жол өткелінде болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
20 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі "Жансая" базарының тұсындағы жабық тұрған шлагбаумды елемей, темір жолға шығып кеткен. Салдарынан "Павлодар — Алматы" бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысады.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол апатында ешкім жарақат алмаған екен. Ал медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісінің мас күйде болғаны анықталып отыр.
Жүргзушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз