KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

100 пайыз Шығыстан. Фристайлдан Қазақстан құрамасы

30.05.2019, 10:41 139

Алдағы 2019-2020 жылдарғы маусымда халықаралық аренада фристалдан ел намысын тек қана шығысқазақстандық спортшылар қорғамақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Олай дейтініміз, ұлттық құрама 100 пайыз жерлестерімізден жасақталған екен. Атап айтсақ, жаңа маусымда құрама сапында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионы Юлия Галышева, жас та болса болашағынан зор үміт күттіретін Аяулым Әміренова, сондай-ақ Олеся Граур мен Анастасия Городко сияқты бұрымдылар өнер көрсетпек.

Ал ерлер командасына ұлттық құрама бапкерлерінің ұйғарымымен Универсиада жүлдегері Павел Колмаков, 2017-18 жылдарғы Әлем кубогының күміс медалін жеңіп алған Дмитрий Рейхерд, сонымен қатар Сергей Романов, Александр Геберт, Олег Цинн, Константин Горлачев пен Дмитрий Шварев кіріпті.

Айта кетейік, фристалдан ел құрамасының бас бапкері қызметін бұған дейін Юлия Галышеваны жаттықтырған Елена Круглыхина атқармақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив