Семейдегі құтқарушы балаға темір тұлпар сыйлады (ВИДЕО)
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жас құтқарушы Викторға белесеубет сыйлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, Семейде 2-сынып оқушысы 4 жастағы баланы судан құтқарып қалғанын жазған едік. "Маған сыйлық керек емес" деген болатын сонда Виктор.
Десе де Балаларды қорғау күнінің қарсаңында департаменттің басшысы Нұрлан Мадияров бір топ қызметкерлерімен батыр баланы құттықтап, темір тұлпар сыйлап қайтыпты. Ал ата-анасына алғыс хат табыстаған.
Оқи отырыңыз