KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Өскеменде Балалар күніне 200 литр сусын бәйгеге тігіледі

29.05.2019, 08:53 353

Өскеменде «Color Fest 2019» байқау өтеді. Жүлдеге 200 литр тәтті сусындар тігілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Балаларды қорғау күніне арналған бұл байқау дәстүрге айналған, 1-2 маусым күндері Ертіс жағалауында, Амфитетарда болады.

Онда әр түрлі ойындар ұйымдастырылады.. Жүлдегерлер тәтті сусындарға ие болады.

Сондай-ақ балалар бір-біріне бояу шашысып та ойнайды.

Одан бөлек сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін басқа да концерттік бағдарламалар өтеді.

Ал байқаудың нақты уақыты 16:00 мен 18:00 аралығы екенін айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу