Риддер халқы асыға тосқан байқаудың нәтижесі шықты
Риддерде дәстүрге айналған өнерлілер байқауы мәреге жетті. Бұл жарысты осы мезгілде қала халқы асыға тосады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- «Жаңа жұлдыз» байқауының деңгейі жыл өткен сайын өсіп, қатысушылар да ширай түсуде. Бұл байқауда топ жарған өнерпаздар болашақта қаламыздың намысын қорғап, бұдан үлкен додаларға түседі, - дейді жарыс ұйымдастырушылары.
Байқаудың гала концерті биыл мәдениет сарайының театр залында болды. Онда көпшілікті әуелеген әнмен тамсандырған "Манго" ансамблі, мың бұралған биімен сүйіндірген "Томирис" (эстрадалық би) және "Ритмы детства" (халықтық би) топтары өз аталымдары бойынша бас жүлде иеленді.
Ал жылдың үздік жетекшісі болып Марина Рузавкина танылды.
Барлық жеңімпазға диплом мен ақшалай сыйлық табысталғанын айта кету керек.