KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность Штиль
497.26 525.21 4.97

«Huawei» АҚШ-тың қара тізіміне ілінді

17.05.2019, 09:52 160

Қытайдың «Huawei» компаниясына АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі және саяси мүддесіне қайшы келетін іспен айналысты деген айып тағылуда, деп хабарлайды 7kun.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыдан бұрын Қытайдың телекоммуникация саласындағы ең ірі компаниясы саналатын «Huawei» мен оның 67 филиалы АҚШ-тың қара тізіміне енгізілген болатын.

Құрама штаттары «Huawei» компаниясын америкалық санкцияларға қарамастан Иранға қаржылық қызметтер ұсынды және АҚШ-тың технологияларын Вашингтонның мүддесіне қайшы пайдаланды деп айып тақты.

Өз кезегінде қытай компаниясының өкілдері ешқандай заңбұзушылыққа жол берілген жоқ, деп ақталуда.

«Бұл бірлесіп бизнес жүргізіп отырған америкалық компанияларға зор экономикалық шығын әкеледі, ондаған мың жұмыс орнын жауып, қазіргі ынтымақтастығымыз бен өзара сенімімізге нұқсан келтіреді» делінген мәлімдемеде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу