Өскемен полицейлері: Қала ішінде көліктерді басып озуға болады
Өскемен полицейлері шабан жүргізушілерді қалай басып озуға болатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осы айдың басында Протозонов пен Славский жағалауы көшелері үш жолаққа бөлінді. Бір жақ бағытта – бір, ал қарсы бағытта екі жолақ.
Ендеше бір жолақты бағыттағы жүргізуші алдындағы мәшинені басып оза ала ма? Өскемен полиция басқармасы жол инспекциясының басшысы Сергей Коваленко айтып берді.
Айтуынша, алда келе жатқан көліктің жылдамдығы сағатына 30 шақырымнан төмен болса, қарсы келе жатқан ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп барып жанынан өтіп кетуге болады.
Оқи отырыңыз