Сақ болыңыз. Өскеменнің көшелерінде педофил жүр деген күдік бар
Өскеменде белгісіз еркек қыз балаға ойыншық пен ақша ұсыныпты. Қыздың анасы полицейлерге шағым түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл 22 сәуірде 19:00 шамасында болған жәйт. Протозонов көшесіндегі әлдебір үйдің ауласында жүрген қызға бөтен еркек қуыршақ пен ақша беріп, өз өтінішін айтқан.
– Аталған іске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Бір анығы, кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты зорлау фактісі тіркелген жоқ, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметкері Айгерім Нұрғазина.
Оқи отырыңыз