KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Өскеменде балаға оқ атқан зейнеткер ұсталды

5.04.2019, 11:24 151

13 жастағы жасөспірімге үйінің ауласында оқ тигені жайлы жазған едік. Оқ атқан қаскүнем анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- 3 сәуір күні сағат 19.00-де 35 жастағы қала тұрғыны полицияға шағымданды. Оның айтуынша, сағат 18.00 шамасында қаскүнемдер 13 жастағы ұлының аяғына оқ атқан. Жасөспірім аулада сыныптастарымен ойнап отырған. Мылтық дауысын балалар да естіген, – деп мәлімдеді қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Жедел іздеу шараларының барысында оқ атқан 68 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Сол күні ол мас болыпты. Өзінің пәтеріің терезесінен пневматикалық винтовкамен аулаға оқ атқан.

Оқиғаға қатысты бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу