ШҚО-ға шетелден сапасыз жеміс-жидектер келе бастады
Бір аптаның ішінде Ресей, Өзбекстан және Түркия елдерінен заңсыз жолен жеміс-жидек енгізбек болған 65 саудагер анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тексеріс барысында Ресейден енгізбек болған 19,7 тонна жеміс, 15,2 тонна картоп, 80 тонна масақ, 1,4 тонна көкөніс ұрығында сертификат болған.
Ал Өзбекстаннан 2 тонна өрік-мейіз, дән-дақылдар мен 60 түп раушан, Түркиядан 21 тонна мандарин алып өтпек болған.
Барлық тауар кері жөнелтілді. Ал заңсыз әрекетке барғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Оқи отырыңыз