KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ұландықтар шаңғы жарысы мен оқ атудан шеберлік байқасты

19.03.2019, 11:15 262

Өскеменде қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке-командалық біріншілігі өтті.


Жарысқа «Шығыс, «Батыс», «Орталық», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, сондай-ақ Ұлттық ұланның Әскери институты және Астана қаласының 5573 әскери бөлімінің құрама командалары қатысты. Шара кезекті қысқы Президенттік көпсайыс кезеңінің салтанатты ашылуынан басталды.


– Мұндай сайыстар салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортты дамытуға сүбелі үлес қосады. Одан бөлек, жеңімпаз және озық шыққан командалар Ұлттық ұланның ғана емес, халықаралық додаларда ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Амриев.


Бәсеке барысында қатысушылар 34 спорттық разряд орындады. 40-қа жуық ұландықтар 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан ату, гимнастикалық белтемірде тартылу, сондай-ақ 10 шақырымға созылған шаңғы жарысында «кім мықтыны» анықтады. Алғашқы күні әр сарбаздың алдында пневматикалық винтовкадан ату кезінде 10 нысанаға дәл тигізу міндеті тұрды. Ең мерген әрі ептілері алда халықараларлық сайыстарда бақ сынайды.


– Көбінде оқ ату сынында сәтті өнер көрсетуді мақсат етемін. Бұл айтарлықтай қиын спорт түрі. Десе де спорттың негізгі түрі деп көпсайысты айтар едім. Осымен үшінші мәрте қатысып отырмын. Оған дейін екі жыл Ұлттық ұланның Әскери институтының атынан өнер көрсеттім. Нәтижелер де жаман емес-тін, – дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сапында сайысқа түскен лейтенант Арслан Айдархан.


Біріншілік қорытындысында, көрсеткіші жоғары болған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы топ жарды. Ұлттық ұланның Әскери институтының командасы екінші, ал «Орталық» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары үшінші орыннан көрінді. Жарыс бағдарламаға сай өтті және бәрі де өз деңгейінде ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы жеңіске деген жігер тантытып, жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысты.


Жекелей есепте үздік шыққандар мадақтама қағаздар, кубоктер және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біріншілік қорытындысына қарай, жеңімпаздар мен жүлдегерлерден Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы командасы жасақталып, олар ары қарай халықаралық сайыстарда ел намысын қорғайтын болады.

 

Бағдат Амангелді,
ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік
қолбасшылығы баспасөз қызметі бастығы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив