KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Үржарда жазасын шартты түрде өтеп жатқан азаматтар арасында жарыс өтті

15.03.2019, 05:54 158

Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында істеген қылмысы үшін жазасын шартты түрде өтеп жатқан азаматтар арасында жарыс өтті. Спорттың үш түрінен өткен сайыста қол күрестіріп, арқан тартып, гір көтеруден білек күштерін таразыға салды.

Шараға салауатты өмір салтын ұстап, қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде араласып жүрген жалпы саны 25 азамат қатысты. Айта кету керек, ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған жандарды оңалту шаралары, ең бірінші, кезекте олардың күнделікті өмірдегі қоғам мүшесі екенін сезінуге, заңды аттамай, адал еңбек етіп, әдет-дағдысын түзетуге бағытталған.


– Үржар балалар және жасөспірімдер спорт мектебімен бірге өткізген «Спорт – денсаулық кепілі» жарысына аудан бойынша есепте тұрған азаматтар қатысып отыр. Спорт түрлері ел арасында кеңінен таралған, ұлттық болмысымызға сай таңдалынып алынды. Үш азамат бірінші орын иеленсе, екінші орын алғандар саны 6 болды. Ал үздік үштік қорытындылағандар қатары тоғыз. Бұл бағыттағы жұмыстар, әлбетте, 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегия аясында ұдайы өткізіліп тұрады. Ең бастысы, мұндай іс-шаралар олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жан-жақтылық, тұлғалық белсенділік сияқты қасиеттерін оятады, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық № 1 пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Эльмира Мұхитанова.


Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жалпы қазіргі таңда аудан бойынша 61 адам аталған қызмет есебінде тұр. Ерекше атап өтер тұсы, ауданда соңғы жылдары шартты түрде бас бостандығынан айырылған, осы талапқа сай босап шыққан азаматтар арасында қайталама қылмыс тіркелмеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив