KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

Өскеменде байқау жарияланды: Наурызға ұлттық киім киіп келу

14.03.2019, 09:37 189

Наурыз мейрамы аясында Өскемен қаласының әкімдігі үздік ұлттық костюмге конкурс өткізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Іс-шара 22 наурызда сағат 11.00-де Республика алаңында басталады. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын қатысуға шақырамыз. Ол үшін сізге Республика алаңына келіп, байқаудың тіркеу пунктіне барып, кез-келген ұлттың дәстүрлі костюмдерін келесі номинацияларда ұсыну қажет: "Үздік әйел костюмі", "Үздік ерлер костюмі", "Үздік балалар костюмі", "Отбасылық жұптың үздік костюмі",-деп жазады Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Костюмдердің ұлттық дәстүрлерге сәйкестігін, дайындау мен ұсынысқа шығармашылық көзқарас бағаланады. Қазіргі заманғы костюмде ұлттық элементтерді пайдалану қажет.
Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша әрбір номинацияда интернет-дауыс беру арқылы "Көрермен көзайымы сыйлығы" иегерлерін анықтайды. Бұл үшін алаңда арнайы фото-аймақ орнатылады. Қатысушылар селфи жасап, оны #IloveOskemen хештэгінің астында Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялауы қажет. Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив