KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
478.57 526.91 5.4

Астана-Милан бағыты бойынша рейс ашылды

pixabay.com

14.07.2024, 21:00 100 Назерке Каримова

Енді елордалықтар Италияның Милан қаласына 7-8 сағатта бара алады.

Алғашқы рейс бір апта бұрын ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасының ақпаратына сүйеніп.

Осыған дейін тек Алматы-Милан бағыты бойынша жолаушылар тасымалданған болатын.

Жыл басында Мемлекет басшысы Италиялық әуе компанияның президентін қабылдаған еді. Кездесуде екі ел арасындағы әуе қатынастарға сұраныстың жоғары екендігі, Миланға рейстерді көбейту туралы мәселелер талқыланды.

Бұл Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланысты арттырып, туризмді дамытатынын атап өткен Мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив