KZ
Өскемен
+31°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
479.83 528.82 5.39

Тоқаев Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады

Ақорда

14.07.2024, 10:00 107 Назерке Каримова

АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акциясы кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

KAZINFORM ақпаратына сүйенсек, сайлауалды науқаны кезіндегі жиында мінберден сөз сөйлеп тұрған Трампқа бірнеше мәрте оқ атылған. Оқтың бірі оның құлағына тиген.  Жиынға қатысушылардың бірі қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған. Оқ атқан адам да қаза тапты, оның кім екені әлі жарияланған жоқ.

Дональд Трамптың шеруінде болған атыс қастандық әрекет ретінде тексеріліп жатыр.

Осы оқиғаға байланысты ҚР Президенті пікір білдірді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, - деп жазды Ақорда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив