KZ
Өскемен
+34°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
479.83 528.82 5.39

Бүгін балық шаруашылығы қызметкерлері күні

pexels.com

14.07.2024, 15:00 117 Назерке Каримова

Қазақстанда жыл сайын шілденің екінші жексенбісінде Балық шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні ресми түрде 2017 жылдан бері шілденің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мереке сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

- Экономиканың осы секторындағы мемлекеттік саясатты экология және табиғи ресурстар министрлігінің жүйесінде 2021 жылы қайта құрылған. 2024 жылғы қаңтарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілді және осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі орган болып Балық шаруашылығы комитеті қала береді, - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.


Балық шаруашылығы комитетінде 8 облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, балықтардың бағалы түрлерінің шабақтарын жасанды өсіру бойынша 3 мемлекеттік балық өсіру кәсіпорны және мамандандырылған ғылыми ұйым бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив