KZ
Өскемен
+34°
переменная облачность жел 5 м/с, В
479.83 528.82 5.39

ШҚО жолдарында жүк көліктерінінің қозғалысына шектеу қойылды

pexels.com

14.07.2024, 11:00 113 Назерке Каримова

Жыл сайын жаз мезгілде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулердің енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бұл шаралар жол жабынының сақталуына және күн ыстық кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын еске салды.

Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі. 

Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

- Алматы облысы;

- Атырау облысы;

- Жамбыл облысы;

- Жетісу облысы;

- Ұлытау облысы;

- Қызылорда облысы;

- Түркістан облысы;

- Маңғыстау облысы.

Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

- Абай облысы;

- Ақмола облысы;

- Ақтөбе облысы;

- Шығыс Қазақстан облысы;

- Батыс Қазақстан облысы;

- Қарағанды облысы;

- Қостанай облысы;

- Павлодар облысы;

- Солтүстік Қазақстан облысы.

- Мұндай шектеулерді енгізудің басты себебі – жоғары температура кезінде деформацияға бейім болып келетін асфальт жабынының бұзылмауын алдын алу. Ыстық күндері асфальт жабыны жұмсақ әрі осал кезінде ауыр жүк көліктері айтарлықтай зиян келтіреді, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК. - Қазақстандағы жүк көліктерінің қозғалысына жазғы мезгілде енгізілетін уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Осы ережелерді сақтау арқылы жолдардың ұзақ қызмет етуіне және олардың жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп, сайып келгенде жол қозғалысының барлық қатысушыларына тиімді болмақ.  


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив